Мда . Читал его интервью в 2010 или ранее где он говорил что корни от ташкентских ходжей. На казахском языке, наверное оно еще есть в интернете.
Газета Жас Алаш.
http://www.zhasalash.kz/suhbattar/2923.html
Қажеке, сұрағым ретсiздеу болса, айып етпеңiз, жалғыз мен емес, жалпы оқырман қауым да бiлгiсi келетiнiне сенiмдiмiн, сiз осы қай ұлттың өкiлiсiз?
– Қарағым, мен қарапайым көптiң бiрi болып жүрсем, ешкiм де ұлтың кiм, ұлысың кiм деп сұрамас едi. Өздерi сыртымнан пiшiп, ұйғыр қылып жатқандарын да бiлемiн. Бiрақ, бiз ташкендiк қожалардың ұрпағымыз. Сонау бiр аумалы-төкпелi заманда Ташкеннен Құлжаға барамыз деп, жетi үй қожалар шыққан екен. Iшiнде бiздiң де әулетiмiз бар. Әкем Қасымның ол кезде екi жастағы күнi екен, одан бiраз үлкен Әсiм деген ағасы болыпты. Өкiнiшке қарай, жолда әлде бiр қарақшылардың қолынан ба, болмаса басқа жағдай болған ба, әке-шешем бiрдей өлiп, әкем ағасы мен екеуi тұл жетiм қалады. Кетiп бара жатқан қожалар екi баланы сол жердегi бiр ұйғырдың қолына тастап кетедi. Ол бiреудiң баласына қарай ма, апарып, екеуiн де балалар үйiне тапсырады және Мәсiмов деп өзiнiң тегiн берiп кетiптi. Әйтпесе, бiздiң атамыздың аты-жөнi тiптi басқа екенiн кейiн бiлдiк. Әкемнiң ағасы Әсiмдi жасының үлкендiгiне байланысты ересек балалар тобына апарып қосса керек, екеуi содан кейiн мәңгiлiкке бiр-бiрiнен көз жазып қалады. Бертiн, ес жиғасын сол Құлжа жағына көшiп кеткен қожалардың тұқымдарын тауып, өзiмiздiң кiм екенiмiз жайлы бiраз мәлiмет алдық. Ал шешем осы Талдықорған өңiрiнiкi, найман қызы. Өзiмнiң бәйбiшем Арқа жерiнiкi, Кереку-Баян өңiрiнiң тумасы деп өткенде айттым. Ал шындығында, ұйғырға құдамыз, балам Кәрiмнiң келiншегi – ұйғыр қызы.