Нужно поискать. Он кстати упоминается в китайских источниках как и Баян и Сары батыры уаков. Его потомки вроде живут на западе РК. Интересно что недавно местные восточные уаки в ВКО поставили ему памятник.
Это история прочитанная мною в книге: Шақшақ Жəнібек.
Уақ Бармақ батырды бірде жолаушылап келе жатқанда қалмақтар қоршап қолға түсіріпті. Қолға түскен қазақ батырын "енді не істейміз" деп ақылдасқанда барлық қалмақ "өлтіру керек" деп шуылдасады. Мұны естіген Бармақ батыр, қалмақ ханына қарап:
– Мен жолаушылап келе жатқанда, қолға түсірдіңдер, өлтірсеңдер өлтіре беріңдер. Мен үшін ағаларым бәрібір өш алмай қоймайды, – деп қасқайып тұрып алады.
Мұны естіп тұрған қалмақ ханы:
– Неше ағайындысыңдар?– деп сұрайды. Бармақ батыр оған:
– Бес ағайындымыз Жәнібек, Жәуке, Есет, Сәрке және мен бесеуміз, – деп жауап береді.
Қалмақ ханы қазақтың бірыңғай ығай мен сығай бас батырларының атын естіп, "бұлар бәрібір бізді тиыш қоймайды" деп: – Сый-сыяпатын жасап босатыңдар, – деп қалмақтың бір қызын қосып беріп босатып жіберген екен. Бармақ батырдың бес ағайындымыз деп айтқандағысы негізі өзі Уақ, Жәнібек пен Жәуке Арғын, тама Есет пен табын Сәрке кіші жүз батырлары. Сол кездегі аталарымыздың бірлігі мен ынтымағы, бір біріне қорғаны осындай болған екен.