Абылай хан айналасындағы
АТЫҒАЙДЫҢ 77 РУБАСЫ:
1. Ақбота би - Бабасан руының биі. Мұрағатта 1778 ж. аталған.
2. Алтай батыр Мәмбетұлы - 1750 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай руы) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Ырсай -> Мәмбет.
3. Андықожа батыр Әлмәмбетұлы (1672-1752) - Шақшақ Жәнібек тарханмен бірге жүріп соғысқан, төс түйістіріп дос болған. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкеш -> Моныс -> Есенаман -> Құдайқұл -> Әлмәмбет.
4. Аралбай батыр Жамбылұлы - 1772 жылғы мұрағат құжатында “аманат” ретінде аталады. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкеш -> Баба -> Тайлақ -> Қарабатыр -> Жамбыл батыр.
5. Атабай батыр Дәулетбекұлы - Атығай руының ел ағасы. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкес -> Моныс -> Есенаман -> Бағыс -> Дәулетбек.
6. Әжімбет би Қыдырұлы - Абылай ханның кеңесшісі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкеш -> Моныс -> Есенаман -> Бағыс -> Қыдыр.
7. Әлімбет аталық Баулықұлы - Атығай руының батыры, рубасы. 1750-1770 жылғы мұрағат деректерінде жиі кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкеш -> Моныс -> Есенаман -> Атығай -> Баулық.
8. Бабақай батыр Мәмбетұлы - Атығай руының ел ағасы, 1755-1757 жылдардағы Атығай руының қолын жорыққа алып шыққан. 1750-1760 жылғы мұрағат құжаттарында “Бабекей Ишмаметов, Карбагай батыр” ретінде аталады. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Ырсай -> Мәмбет.
9. Байдәулет елші Бөріұлы - Құлсары батырдың ағасы, елші.
10. Байжігіт тархан Жантеліұлы - мырза, батыр, Арғын тайпасының ел ағасы. Абылайдың сенімді серігі және елшісі болып, ханның атынан бірнеше мәрте елшілік атқарған. Шақшақ Жәнібектен кейін Ресей үкіметі Орта жүзде Байжігітке тархан атағын берген. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Андай -> Тілеп -> Жантелі. 1750-1781 жылғы мұрағат деректерінде жиі кездеседі.
11. Байқаш бай Бөріұлы - Атығай руының беделді байы, ел ағасы, Құлсары батырдың інісі. 1758 жылғы мұрағат құжатында “Байқашта 7 мың жылқы бар” деп көрсетілген.
12. Байназар елші Бекболатұлы - Абылай ханның елшісі. 1750-1765 жылғы мұрағат құжаттарында жиі аталады. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Тоғанас батыр -> Бабасан -> Қоңырбай -> Дандай -> Жиеніс -> Бекболат.
13. Байсары елші Бәйтіұлы - рубасы, ел ағасы. 1760 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Ақмәліш -> Бәйті.
14. Байсары паң Қақыұлы - Атығай руының байы. 1760 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Абызды Сүгір -> Қадірберді -> Қақы.
15. Байсымақ батыр Итқараұлы - Абылай ханның сенімді батыры. 1775-1781 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Сасық -> Алтыбасар -> Қошқар мырза -> ақсақ Сары батыр -> Алдасүгір -> Итқара батыр.
16. Байтоқа бай Жолдыбайұлы - Атығай руының ел ағасы, елші, батыр. 1750-1781 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Жемет -> Андағұл -> Сасық -> Жолдыбай батыр.
17. Бақтыбай батыр Дәулетбекұлы - Атығай руының ел ағасы, Сабалақты ақ киізге көтеріп, хан көтерген. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкес -> Моныс -> Есенаман -> Бағыс -> Дәулетбек.
18. Балық мырза Дәулетбекұлы - Атығай руының байы. Қаз дауысты Қазыбек бидің қызы Мақпалды алған. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкес -> Моныс -> Есенаман -> Бағыс -> Дәулетбек.
19. Батбай батыр Өтепұлы - Атығай руының ел ағасы, Атығайдағы 5 қасқаның бірі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Сүгір -> Қадірберді -> Өтеп бай.
20. Бәбеке батыр Құлекеұлы - атақты Шал ақынның ағасы. 1781 жылғы мұрағат құжатында аталады. Тегі: Дәуіт (Атығай руы) -> Қалқаш -> Бәйімбет -> Жоламан -> Дәулетей -> Тәйірберді -> Құлеке батыр -> Бәбеке.
21. Бейімбет батыр Күлмесұлы - 1774 жылғы мұрағат құжатында “Атығай руының ел ағасы” ретінде аталады. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Абызды Сүгір -> Қадір -> Күлмес.
22. Боқан батыр Кеженұлы - атақты батыр,
ел ағасы, мырза. Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Сүгір -> Қадір -> Сарымұқан -> алтын сандық Кежен би.
23. ақылшы Бурабай Ақтайлақұлы - би, Абылай ханның кеңесшісі. 1760 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Бәйімбет -> Жоламан -> Дәулетей -> Тәйірберді -> Ақтайлақ батыр.
24. Даған батыр Өтепұлы - Атығай руының ел ағасы, Атығайдағы 5 қасқаның бірі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Сүгір -> Қадірберді -> Өтеп бай.
25. Дат баһадүр Итқараұлы - Атығай руының ел ағасы, Абылай ханның сенімді елшісі. 1750-1785 жылғы мұрағат құжаттарында “Дат батыр Карабатырұлы” ретінде аталады. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Сасық -> Алтыбасар -> Қошқар мырза -> ақсақ Сары батыр -> Алдасүгір -> Итқара батыр.
26. Дәулеткелді бай Дүйсенұлы - ел ағасы, мырза атанған. Абылай ханға өкпелеп, Жиделі Байсын жаққа көшіп кеткен. Ол туралы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай жазады: “Орыстар жәрмеңкелік жер сұрағанда, Есілдің бойынан Қызылжарды берген екен. Атығай Дәулеткелді байдың қыстауы екен. Сонан соң Дәулеткелді бай:
-Жерімді орысқа берді,- деп өкпелеп, Жиделі Байсынға кетемін,- деп, ауып кетті.
Соның тұқымына Ташкентте жолығып сөйлестік, Көтенші деген Қоңыраттың ішінде өсіп-өніп кеткен екен.” Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Тоғанас -> Бабасан -> Қоңырбай -> Дандай -> Дүйсен.
27. Есей батыр Меңдібайұлы - Абылай ханның сенімді елшісі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Жемет -> Жұмық -> Меңдібай.
28. Жанатай батыр Жәңкеұлы - ел ағасы, рубасы. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Жемет -> Жұмық -> Таттыбай -> Жәңке.
29. Жантелі батыр Тілепұлы - қолбасшы, Атығай руының бас батыры, ел ағасы. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Андай -> Тілеп.
30. Жарқын мырза Тілемісұлы - би, ел ағасы. 1761 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Назар -> Елтоқ -> Есімбек -> Тілеміс.
31. Жарылғап батыр Жауғаштыұлы - ел ағасы. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкеш -> Баба -> Тайлақ -> Жауғашты.
32. Жәдігер батыр Байтеліұлы - ел ағасы, Байжігіт тарханның інісі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Андай -> Тілеп -> Байтелі. 1750-1770 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі.
33. Жәпек батыр Дәуітбайұлы - Атығай-Қарауыл руының бас батыры, Абылай ханның сенімді серігі, әрі оның таңдаулы әскерінің қолбасшысы. Тегі: Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Ораз -> Дәуітбай.
34. Жолдыбай би Сасықұлы - Атығай руының ел ағасы. 1761 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Жемет -> Андағұл -> Сасық.
35. Жолымбет елші Баулықұлы - ел ағасы, мырза. 1718 жылғы мұрағат деректерінде кездеседі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Бөкеш -> Моныс -> Есенаман -> Атығай -> Баулық.
36. Жортушы батыр Жәпекұлы - Атығай руының батыры.
37. Итқара батыр Алдасүгірұлы - рубасы, Майлыбалта руының ел ағасы. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Сасық -> Алтыбасар -> Қошқар мырза -> ақсақ Сары батыр -> Алдасүгір.
38. алтын сандық Кежен би Сарымұқанұлы - Абылай ханның ақылман, данагөй, атышулы биі. Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Сүгір -> Қадір -> Сарымұқан.
39. Кенже батыр Толыбайұлы - ел ағасы, атақты батыр. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Қалқаш -> Құдайберді -> Жемет -> Андағұл -> Сасық -> Толыбай.
40. Көл батыр Өтепұлы - Атығай руының ел ағасы, Атығайдағы 5 қасқаның бірі. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Сүгір -> Қадірберді -> Өтеп бай.
41. Күсек батыр Жантеліұлы - Байжігіт тарханның інісі.
42. Күштай қажы Қақыұлы - Атығай руының ел ағасы, Атығай - Қарауыл елінен қажылыққа барған тұңғыш қажы. Тегі: Дәуіт (Атығай) -> Нұғыман -> Сүгір -> Қадірберді -> Қақы.