Это мой перевод с казахского языка (за точность не ручаюсь ).
Вот оригинальный текст автора на казахском языке:
"... Ерте, ерте ертеде ешкі жүні бөртеде халық бір-бірімен алакөз болып, екіге жарылғанда Қиян мен Ноғай деген екі жігіт туған жерлерін тастап, алысқа адам аяғы баспаған Алтай тауларына шығып кетіпті-мыс. Бұл жерде олар, Ергенек қон деген терең үңгірді қоныс қылыпты. 200 жыл өтіпті. Содан бері олардыњ үрім-бұтақтарының саны өсіп-жетіліп, үңгірге сыймайтындай дәрежеге жетіпті. Содан олар не болса да бұл арадан құтылуды ойлапты. Бірақ, Қиян мен Ноғай ұрпақтары барлық биік тауларға шығып, шыңдар мен қияларды орап, қоршап алады. Бақыттарына орай бір тау Теміртау – темір болып шығады. Қиян ұрпақтарының арасындағы ұста тауды балқытып жіберуді ұсынады, тау ағып кету үшін жетпіс жерден жетпіс ұста пешін көмірмен жағады. Сөйтіп, түйе үстіндегі қомымен өтіп кететіндей жол салады. Осы салынған жолдан таулы Қиян тау қақпанынан кең жазық далаға шығып құтылады. Сол кезден бастап Қиян ұрпақтары бөрте шене аталып кетті. Бірнеше жыл өткен соң Шыңғыс дүниеге келді. Осы уақыттан бастап халықтың салтына әр жыл сайын, сегіз айда бір рет той және көк бөрі (> көкпар) тарту ұйымдастырылады, қазіргі кезде «ешкі тартады».
Ссылка:
50-томное издание "Библиотека казахской этнографии", Т.8.
Алькей Хаканович Маргулан "Труды по культуре казахского народа" (Қазақ халқының жазу мәдениеті бойынша еңбектері).