Жылқы төлдерін былай бөледі (название лошадей по возрасту):
- құлын (биенің жас төлі) - жеребенок,
- жабағы (6 айдан асқан құлын) - полугодовалый,
- тай (1 жастан асқаны) - старше одного года.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды (кобыла):
- құнажын байтал (2 жастан асқаны) - 2 года,
- дөнежін шығар (3 жастағы байтал) - 3 года,
- дөнежін байтал (3 жастан асқаны) - старше 3 лет,
- бесті бие (4 жастан асқаны) - старше 4 лет,
- қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие) - 7-8 лет,
- кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие) - 11-14 лет,
- жасаған бие (20 жастан асқан бие) - старше 20 лет.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары (мерин):
- құнан айғыр (2 жастан асқаны) - старше 2 лет,
- дөнен айғыр (3 жастағысы) - 3 года,
- сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны) - 3-4 летний, еще не сводился с кобылой,
- бесті айғыр (5 жастағысы) - 5 лет,
- сақа айғыр (11 – 12 жастағысы) - 11-12 лет и т.д. (далее не нашел, может кто из казахов поможет).
Түсі (окрас выделил красным, прошу помочь казахов-форумчан с переводом)
Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.
Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар;
баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар жатады;
алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады.
Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак) деп аталады.
Здесь приведены не все еще покопаюсь