В общем версия Акселеу Сейдимбека такая:
Сөз орайында, сол кездегі Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және әскери өміріне белсене араласқан екі Әбілқайырдың болғанын айта кеткен жөн. Оның бірі — Кіші жүздің ханы, Ресей патшалығына бодан болатын Әбілқайыр (1693—1748 жж.). Бұл Әбілқайыр тарихи әдебиеттерде Қазақ хандығының негізін салған ӘзЖәнібектен тарайтын Өсек сұлтанның ұрпағы Әскен (Әжі) сұлтанның баласы деп жазылып жүр. Қазақ хандығының дәстүр-талабы бойынша Өсектің ұрпағы қазақ сұлтандарының кіші буыны деп есептеліп, оларға хан тағына мұрагер болу хұқы берілмеген. Ауызша шежіре де, тарихи деректер де Барақ сұлтанның Әбілқайырды өлтіру себебін, өлтірген соң билер талқысында ақталып шығу себебін осыдан деп айтады (В. В. Вельяминов-Зернов. Исследование о Касимовских царях и царевичах. Часть вторая. СПб. 1864. 368—370-беттер).
Сол кездегі төре тұқымын бір адамдай білетін Шоқан Уәлиханов Әбілқайырдың тегін мүлде басқаша таратады. Шоқан бойынша: Барақ хан, одан Жәнібек, одан Сүйік (ең кіші баласы), одан Бөлекей-Қоян, одан Батыр хан, одан Айшуақ сұлтан, одан Ырыс, одан Хажы сұлтан, одан Әбілқайыр хан. Әбілқайырдың тұсына Шоқан: „ 1730ншысында ол Русияға табыс болған, 1748ншысында өлген" деп жазған (Ч. Ч. Валиханов. Собрание сочинений. А-А, 1964. 3-том 185-бет).
Бұл екі дерек те, мейлі Өсектің ұрпағы болсын немесе Сүйіктің тарайтын тұқымы болсын, Кіші жүзге хан болатын Әбілқайырға келіп тіреледі. Ал, екінші Әбілқайыр — Абдолла сұлтанның баласы. Мұны даланың ауызша шежіресі де, тарихшылар да „қарт Әбілқайыр" дейді. Абдолла сұлтан Тәшкентке хан болатын Тұрсынның баласы. Ақназар ханның немере інісі Тұрсын Мұхаммед Ташкентке хан болып тұрған кезінде ант аттап, ағасы Ер Есімнің қолынан қаза тапқан. Бұл жөнінде Есім ханның маңында болған Марғасқа жыраудың „Ей, Қатағанның хан Тұрсын, кім арамды ант ұрсын..." деп келетін белгілі өлеңі бар. Есім хан інісі Тұрсынды өлтіруін өлтіргенімен, оның баласы Абдолланы далаға тастамайды. Есім хан жас Абдолланы өз баласы Жәңгірдің тәрбиесіне береді. Жәңгірден туатын Тәуке үш жүздің ханы болған кезінде, Абдолла Ұлы жүзге хан болады. Осы Абдолладан Әбілқайыр мен Жолбарыс туады. Жоңғар қоңтажысы Сыбан Рабдан қазақтарға қарсы соғысу ниетін ашық білдіріп, 1711 жылы Тәуке хан Қарақұмда құрылтай шақырғанда, бүкіл қазақ әскерінің ханы (мүкәддама ләшари) болатын — осы Әбілқайыр. Бұл кезде Кіші жүзге хан болатын Әбілқайырдың жасы небәрі 17-де ғана. Осы құрылтайда Қанжығалы Бөгенбай қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып, „сардар" атанады. Ұлы жүздің ханы Абдолла өлген соң, 1721 жылы әкесінің орынына хан сайланатын да осы „қарт Әбілқайыр", Кейін „ақтабан шұбырынды" болып, Ұлы жүздің халқы ауа көшкенде, бұл Әбілқайыр өзінің әскери тәжірибесін бүтіндей елдің азаттық үшін күресіне арнайды[1].
Абдолланың Әбілқайырын 1652 жылы өлген Жәңгір хан асырап алғанда, өзінен-өзі 1731 жылдары «қарт Әбілңайыр» атанады ғой. Ал, бұл кезде Кіші жүзге хан болатын Әбілқайыр небәрі 38 жаста. Белгілі тарихшы М. Тынышбаевтың «...Үш жүздің қазақтары (1730 жылдың бас кезінде) ортақ жауға қарсы үзеңгі қағыса жүріп, тас түйін бірлікпен соғыса білді. Ол кезде «бас ңолбасшы қарт Өбілқайырдың өзі еді» деп жазуында осындай гәп бар.
Қарт Әбілқайыр 1730 жылдардың қанды шайқасында мерт болып, сүйегі Ахмет Иссауи имаратына ңойылды. Бұл күндері Иссауи ғимаратының қазандық бөлмесінде тұрған көк тас, кезінде осы Әбілқайырдың басына қойылған. Абдолла сұлтанның Әбілқайырмен бірге туған Жолбарыс дейтін баласы бар еді ғой. Ол «ақтабан шубырынды» кезінде Орта жүздің ханы Эбілмәмбеттің, кейін Абылай ханның маңында болды. Шоңанның Абылай туралы тарихи очеркінде «1759 жылы Абылай орыс сарайына өзінің туысқаны Жолбарыс сүлтанды жүмсап, оған награда сүрады...» деп жазатын адамы осы Жолбарыс[2].
[1] http://anyflip.com/download/download-pdf-file.php?bookid=593330 57-58
[2] http://emirb.org/nauchnaya-iilkotekimiui-s.html?page=6
https://library.psu.kz/fulltext/transactions/3903_tarakhti_a_baltali_baganali_el_aman_bol.pdf 42-43