Момақан имамның шежіресінен үзінді:
ҚЫРҒЫЗДЫҢ САРЫАРҚАҒА КЕЛУІ
Әуелде Алатаудағы қырғыздар: Оң қол, Сол қол деген атаның баласы болады екен. Сол Солдан Бекше бір ығтибар нәфузли адам болады екен. Қырғыз халқы ханды сол Бекшені хан сайламақшы болады.
Онда Бекше айтады:
- Менің жасым өткен, кәрі адаммын, менің бір Балқожа (оны Орман би деп айтқан) деген інім бар екен, соны хан сайлаңдар, - дейді. Қырғыздар жиылып Балқожаны хан сайлайды. Айтулары бойынша сол қарсаңда су айғырынан пайда болған Бекшенің бір шұбар тұлпар аты болады. Балқожа хан болған соң, ағасы Бекшеге айтады:
- Маған хандықты да қидың ғой, енді мынау шұбар тұлпарды қый, яғни маған бер, мініп жүрейік, - дейді.
Бекше бермейді, және айтады:
- Не қылар дейсің, бірге туған адамсың ғой, ұстап алып мін, - деген.
Жұрттың ұйытқытуы бойынша Балқожа ұстатып алып мінеді. Араларында шау - шу, тіл - оңал әңгімелер көтеріліп, араз болып, Бекше 5 баласымен Қытай жеріне көшіп кетеді. Күндердің күнінде шұбар тұлпарды алып, інісі Балқожаны өлтіріп кетеді. Іс жаманға айналып, қырғыз көтеріліп Қытай жеріне барған Бекшені 5 баласымен алып келіп, өлім жазасына бұйырып, ертең өлтіреміз деп қамып отырған жерінен Бекше 5 баласымен қашып отырады. Сонан соң шұбар тұлпарды мініп Көкшетаудағы Абылай ханға паналауға келеді.
Келсе Абылай бір асқа барайын деп даярланып жатыр екен. Бекшені атымен ертіп барады. Шұбар тұлпарды Абылай аты деп бәйгеге қосады. Астың алдынан озып келеді, бәйгесін алады. Сонан Бекше Көкшетауға келген соң, Абылайға мән - жайын айтып қоныс сұрайды. Абылай Даңқой Бақтыбай жерінен, Құлшық сорынан жер сұрап, жүреді екен.
Даңқой Бақтыбай Абылайға:
- Таттыбай, Сарт атты тентек балаларым бар, сыйспай қалсақ ұят болар, - деп, жер бермейді екен. Осымен жер жағдайымен Абылай шұбар тұлпарды басы байлы Бекшеден алып, Бақтыбайдың күзегі екен, осы күнгі Шұбарайғырды Бекшеге береді. Абылайдың алған шұбары кесілмеген екен, айғыр екен. Сондықтан жер атын Шұбар айғыр деп қойған.
Бекшенің 5 баласы дегеніміз: Шерікше, Елішке, Жарке, Қазыке, Ботас. Шерікшеден - Отаршы, Жібек туады. Сонымен Шұбар айғырдағы (Кеңес ауылы) қырғыздың келуі себебі осы болған.
Абылай қалмақпен соғысқанда қырғыздан көмекке 100 жігіт алды. Сол қайтпастың қазақтың ішінде қалды. Осы күнгі қазақ ішіндегі қырғыз руы сол қырғыздар деген сөз бар.
гугл переводчик коряво перевел, не стал заливать перевод.