Бұл Қазақ шежіресі хақында деп аталатын кітап 2000 жылы Алматыда Тарих институты тарапынан шыққан. Алғысөзін академик Қозыбаевтың өзі жазған.
Кітаптың үзіндісі....
**** Қарақойлы руынан Қожатай Төлековтен жазып алған аңызда Сіргелінің әкесі өте дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, ешкімге де, тіпті ханның өзіне де бағынбайтын 30 ұлы бар екен. Олардың қаңлы мен қатаганның ханы хан-Тұрсынмен жұлдызы қарсы болыпты. Бірде Тұрсын хан Ойсылдың балаларының бәрін үй-ішімен шақырып, өлтіріп тынады. Одан әрі оқиға Тәжібай Бердібаев айтқан аңызбен сәйкес келеді. Бұдан корінгендей, алғашында тарихи түлға Жәнібек хан бейнесі айтылса, кейінгі аңызда Тұрсын ханның тұлгасы алға тартылады. Аңыз айырмашылыгы да осында. Аңыз түрлері уақытқа байланысты айрықша болып көрінеді. Аңыз бойыпша Жәнібек хан XV пен XVI ғасыр аралыгында омір сүрсе, Тұрсын хан — Жәнібектің немересі, Есім ханның тұрғыласы. Есім хан құба қалмаққа қарсы жорықта жүргенде Ташкентте отырған Тұрсын хан елін шапқаны үшін, оны өлтіріп жібергені тарихтан мәлім. Бұдан басқа біз Қожатай Төлековтен Сіргелі руының ата-тегі туралы мол мағлұмат алдық. Оның дерегі бойынша, Сіргелінің 6 әйелі болып, әрқайсысынан бірнеше бала көріп. олардан бірнеше ата тарайды Бірінші әйелінен — Батыр мен Байжігіт, екінші әйелінен — Қарабатыр, Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім мен Досшабан; үшінші әйелінен — Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар. Қонақбай, Мамыр мен Ботбай; төртінші әйелінен — Жаңабай мен Айтбозым, бесінші әйелінен — Қаракөңірдек, Ақкөңірдек, Шалдар; алтыншы әйелінен — Тутаңбалы мсн Қайшылы. ****
Кітаптан үзінді 93-94 беттер