Вот гениалогия Алшына, если вы понимаете Казахский.
АЛШЫН
(Кіші жүз бірлестігі)
Алшын елі негізінен "Жетіру", "Кете" (Байсары), "Əлім",
"Шөмекей", "Он екі ата Байүлы" руларынан құралған. Енді осы
руларды таратып көрейік.
Бек Арыс -> Ордаш -> Мөңке би -> Сармырза -> Қоғам -> Алшын батыр -> Арғымақ, Алау батыр (шын аты Тұлпар).
Арғымақ ->Телеу мырза, Рамадан, Сəдір, Нəдір.
Алау батыр -> Қыдуар тентек, Қүдаһияр, Сəду (Жағалбайлы).
Алау батырға Қүдаһияр деген бір жігіт бала, "Қүддыс" шаһарынан келдім, пайғамбар (араб) əулетіненмін деп, келіп бала болыпты. Алау батыр бүл баланы "Таза түқымынан екен" деп бала етіп қамқорына алып, əйел алып беріп, отау тігіп бір шаңырақ етіп қойыпты. Сол Қүдаһиярдан Керейт туыпты. Алау батырға тағы бір бала, ат-есімі Сəду, "Тайм деген елден келдім" деп бала болыпты. Сəду жігіт болып өскен соң масаты шүлға-нып мəсі-етік киіп, мол қаракөл елтірілі жағасы бар мəуіті шапан киіп, ел аралап балгерлік жасап, адам емдеп, жаурыншы-балгер атанып, сал-сері жігіт болып жүріпті. Сөйтіп жүріп елден алған малын жинап байыған еді дейді. Осыған орай ол "Жағалы бай" атанып, кейін ел оны "Жағалбайлы" атап кетіпті. Алау батыр осы киімді ұлына да əйел алып беріп, бір шаңырақ етіп қойыпты. Сəду -> Шербұға -> Мелде би туған, ал оның ұрпақтары кейін Жағалбайлы руы атанған дейді. Алау батыр заманында Алшын батырға үқсаған асқан батыр болған Қырымның қырық батырының бірі еді дейді. Ол туралы кезінде "Алау батыр" деген қисса- дастан жазылыпты, бірақ авторы үмытылып кеткен белгісіз дейді. Ол көбіне жаугершілікте жүріп, кепке дейін перзент көрмей тарығып жүріп, үлкейген шағында бір үлды болып атын Қыдуар қойыпты. Қыдуар еркелікпен өсіп, өте тентек жігіт болыпты. Осыған орай ол "Қыдуар тентек" атанып кетіпті. Арғымақтың киімді үлдары (Рамадан, Сəдір, Нəдір) Арғымақ өлгеннен кейін Алау батырдың қамқорында тəрбиеленген еді. Бірақ Қыдуар тентек жігіт осы киімді балаларды тентектікпен сыйғызбай əулеттен қуып жіберіпті. Ал олар қашып көшіп барып Арғымақүлы Телеу мырзага паналап, қосылып отырыпты. Телеу адамгершілігі мол,қайырымды, мырза жігіт болып өскен еді. Ол жастай жетім қалып Алау батырдың қолында тəрбиеленген еді. Алау оған жігіт болған соң үйлендіріп, отау тігіп беріп, алдына көп мал салып, Рамадан деген жас жігітті Хазар қаласының базарынан малға сатып алып беріп Телеуге жалшы-қүл етіпті. Сəдір -> Тама, Табын. Нəдір -> Қердері туған. Сонымен Телеу, Рамадан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы бірігіп, Қоныстас тату, Телеу мырзаның ықпалын-да болып, жеті рудан құралып отырыпты. Ал кейін осылардың ұрпағы өздерін біз "жетіру" тайпасынанбыз деп атап кетіпті. "Жетіру"
ру бірлестігі осылай қ9ралған еді. Шежіреші Мақсүт Неталиев "Он екі ата Байүлын" былай
таратыпты:Қыдуар тентек -> Алқожа, Асанқожа. Алқожа ->Кəдірқожа, Сəдірқожа. Кəдірқожа -> Қаракесек -> Байсары, Əлім, Шөмен. Сəдірқожа -> Беріш. Естай Беріпггі асырып алған дейді, ал Естай-дың өзінен ұрпақ болмаған көрінеді. Сəдірқожа ертерек өліп, үрпақ қалмаған дейтіні осы болса
керек. Асанқожа -> Ерқожа, Қыдырқожа (Бай), Елтай, Естай, Ата, Ерназар (Қалпақ). Қыдырқожа -> Жəнби бəйбішеден — Қыдырсиық, Бақтысиық, Сұлтансиық, жалғыз қызы — Қанбибі, Алтын тоқальшан —Қөздалас, Қасқүл, Жапалақ, Қазалы, Тотан деген күңінен —Ыбыраш -> Жаппас. Естай -> Беріш (Сəдірқожадан алған баласы). Сəдірқожа мен Қыдырқожадан тараған үрпақтар "Он екі ата Байүлы" атанған. Арысүлы Бектің (Бек Арыс) немересі Мөңке би кезінде өте текті, киелі, алдын болжайтын көреген би болған дейді. Қіші жүзде атағы шыққан Мөңке есімді үш кісі болып өткен. С оның бірі — Шекті Тілеуүлы Мөңке, ол Сырым батырмен түтас ғұмыр кешкен, осыдан шамамен 260 жыл бүрын гүмыр кешкен. Екіншісі — Он екі ата Байүлының Беріш тайпасынан шыққан Аманүлы Мөңке. Ал біз айтқалы отырған Мөңке би — Бек Арыстың немересі Алшынның атасы — осыдан шамамен 750 жыл (1250 жылдары шамасында) бүрын ғүмыр кешкен кісі еді. Ол қазіргі үрпақтан жоғары қарай санағанда 27 аталық буында түр. Бабамыз Мөңке би, көнекөз қариялардың айтқанына қарағанда, асқан əулие, көреген, алдын бірнеше жүздеген жылдар бүрын болжап білетін текті кісі болған. Оны бабамыз Мөңке бидің ел аузында қалған мына толғамдарынан байқауға болар еді: Кер заманның кезінде — Қөлдің суы бітіп, табаны қалар, Аттың жүйрігі кетш шабаны қалар, Жақсының атағы кетіп, азабы қалар, Əулиенің əруағы кетіп, мазары қалар, Адамның жақсысы кетіп жаманы қалар,
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,
Сөйтіп, ақылы жоқ санасыздың заманы болар.
Кер заманның кезінде —
Құрамалы қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады,
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Аи сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын,
Ежірей деген үлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын,
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Табалдырықтан биік тау болмас,
Туысқаннан мықты жау болмас.
Кер заманның кезінде су тартылар,
Тана менен торпаққа жүк артылар,
Ар-үяттың бəрінен жүрдай болып,
Қарап түрған жігітке қыз артылар.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің де ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,
Ит пен мысықтай ырылдасқан
Еркек пен қатының болады...
Кер заманның кезінде —
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен ала түсетін інің болады,
Алашұбар тілің болады,
Дүдəмалдау дінің болады.
Еркегің қазаншы болады,
Əйелің базаршы болады.
Жылқы жүлдыз болады,
Қой қүндыз болады.
Кебір жерге теңеледі,
Əйел ерге теңеледі.
Көл теңізге теңеледі,
Сиыр өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы —
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны ащы демейді.
Тапқаның олжа дейді,
"Алһам" білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады.
Ақыр заман халқының —
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ.
Лағынет қамыты мойнында,
Жұмыстан қолының босы жоқ.
Əрқашанда олардың
Көңілінің қошы жоқ.
Бар шаруасы түп-түгел,
Енді мүның иесі жоқ.
Заман ақыр боларда —
Жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Əйелдер жесір болар,
"Ə" десе "мə" дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Əйел жағы ден болар.
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Үят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болса, Түзелуі қиын болар — деп айтып кетіпті. Өзінен кейінгі жастағы бір топ билер Мөңке биге сəлем беріп барып, жайланып болған соң: "Алые не, жақын не? Қымбат не, арзан не? Оңай не? Қиын не?" - деп сүрақ қойса керек. Сонда Мөңке би:
— Алыс — ақыл, жақын — ашу! Қымбат — сауап, арзан — күнə! Оңай — ақыл айту, қиын — орындау, - деп жауап берген екен дейді.
Осындай көреген дана адамның біздің — Алшын үрпақтарының бабасы екенін əркімдер біле бермейтініне қынжыласың?! Асылы, қазіргі егенмендік алған заманда Мөңке би бабамыздың айтқан сөздерш зерделі азаматтардың есте үстағаны дүрыс болатын шығар деп есептеймін