Мейлі оны тентек деңіз, мәрт деңіз,
Адай деген асау толқын қарт теңіз.
Тамырларын тектілікпен таратып,
Аналары батыр туды, тапты егіз.
Хиуа ханы темір мылтық оқтатқан,
Бірақ одан жеңісіде жоқ тапқан,
Қайран біздің жүрек жұтқан адайлар,
Найзасының ұшыменен тоқтатқан.
Мейлі оларды шатақ мінез, морт деңіз,
Қоламта емес, лаулап жанған от деңіз.
Адай деген жанашыры жерімнің,
Олар барда басынғандар жоқ деңіз.
Мейлі оларды сотқар деңіз, көп деңіз,
Адай деген бурықанған көк теңіз.
Тіміскілеп жер іздеген пақырлар,
Абайлаңыз бері қарай өтпеңіз.
*******
Адайлар-ай, Адайлар-ай қандайсың,
Батылсыңдар, батырсыңдар әрқайсың.
Ұсақ-түйек нәрселерге бармайсың,
Жерің үшін, соғыс десе қалмайсың.
Адайлар-ай Адайлар-ай, байлар-ай,
Сыбағасын қомақты ғып сайлар-ай.
Олар әркез қолы ашық жомарттар,
Мінгізетін жиеніне тайлар-ай.
Бүгінде жұрт Адайларды көп дейді,
Ойбай, ойбай бола берсін көп мейлі.
Адай деген Пір Бекет қой құдірет,
Ол құдырет бізге көптік етпейді.
Мекен қылған Ұлы теңіз жағасын,
Үстірт пенен Қызылқұмның арасын.
Таз болсам да қызып кете беремін,
Өйткені Адай менің туған нағашым.