Перейти к содержанию
Bas1

Адайцы

Рекомендуемые сообщения

  • Admin
7 часов назад, Turkmen Aday сказал:

Сейсем атадағы  ас  тағылымы

АДАЙЛАР МАҢҒЫСТАУҒА ҚАЛАЙ КЕЛДІ?
(«Қасиетті, қазыналы Маңғыстау»  циклынан)

 «Елім-ай» ән-зарымен ұмытылмастай болып әдіптеліп «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған қасіретті заманда Алтай тауы баурайындағы Жеменей жазығы мен Жеменей өзенін тастап, «Сауран айналған» Адай көші Мұғаджар тауы арқылы, Жем өзенін бойлай Байұлының, Әлімнің, Жетірудың өзге руларымен бірге қоныстана және жембойындағы қалмақтармен соғыса отырып, 1731 жылғы Әбілқайыр ханның Ресейге бодан болуына мойынсұнбай өз беттерімен қоныс іздеп, Маңғыстау даласына бет алады. 

Бір бөлігі Ақжайық асып кетсе, екінші бөлігі Жем бойында қалады да, үшінші бөлігі Жем бойынан Маңғыстауға екі бағыттан келіп құлайды. Бірінші бағыт- түрікпенадайлар Атағозы, Тәңірберген, жеменейлер Қонай, Сейіт би, Қожамбет палуан, Асан би, дәулеталы Дәуқара, беріш Есболай, т.б. батыр, би, бай, мырзалар бастаған көш суық түсіп, мұз қата бастаған кезде Теміртапқан-Байтақ арқылы Тасорпа түптегі мұздан өтіп, Бозашыға келеді. 

Екінші бағыт-жары Шотан, құнанорыс Лабақ, тобыш Қожаназар, ескелді Саназар, таз Ақпан, кете Әжібай, т.б. батыр, би, бай, мырзалар бастаған көш жаз шыға    Өрмелі мен Манатыдан құлайды. 
Олар қоныс етіп отырған түрікпендермен тіл табысуға тырысады, ілкіде тату көршілік қарым-қатынас жасасып тұрғанмен, жер-суға талас, келіспеушілік басталады да, алғашқы жауығуды түрікпендер бастайды. Олар елшілікке барған ескелді Бердалыны өлтіреді. 

Бердалы Маңғыстау жеріне алғаш жерленген адай болып есептеледі. Түрікпеннің бір абызы: «Өлтіргендерің дұрыс болмады, жерді енді жаугершілікте алғаш қаны тамған қазақтар алатын болды» деп өкінген екен. Бұдан кейін де түрікпендер адайларды екі рет «келісімге келеміз» деп алдап шақырып, уәделі жерде алаңсыз жатқан оларды қоршап алып қырып салады. 
 
Алғашқысы Шетпеден 25 шақырым «Жалбарт» деген жерде болады. (Шетпеден оңтүстік шығысқа жүргенде Ақүйік деген бейіттен тіке құбылада «Құттық Сейіт хандығы» (түрікпендердің ханының есімі және «Құттық Сейіт шыңырауы» аталатын жерлер түркпендерден қалған атаулар). Екіншісі «Ұланақ қырғыны» аталады, Әлі күнге ұмытылмай келе жатқан «Жаужол» атауы да сол кезеңнің айғағы. 

 Осыдан кейін адайлар түрікпендермен жауығады. Бірнеше қырғын ұрыстар болады. Түрікпендер  Ауыздыбас, Түлкілі деген жерлерде жүрген адайдың екі жас жігітін «суын биеден туған құлынды ұрладыңдар» деген сылтаумен ұстап, өлтіріп кетеді. Сол жерлер қазір «Әбілтөрткүл», «Түлкілібөкембай» аталады. Екі жігіт те түрікпенадай руынан болатын. Әбіл - Есенқұлұлы Есек батырдың баласы болса, Бөкембай Айтқұлдың баласы еді.

 Осы жігіттердің кегін алуға аттанған жасақтар соғыста түрікпендердің бірін де жібермей қырған. Сол жер «Түрікпенсүйек» деп аталады. Осыдан кейін түрікпендер қоныс ауыстырып, үдере көшіпті. Бозашылық түрікпендер кемемен Астраханьнан шықса, өзгелері өздерінің атажұрты Түрікпенстанға ауады. 

Түрікпендерден босаған өңірді иемдену үшін адайдың әр атасының көсемдері мен батырлары  Жем өзенінен 50 шақырым шамасы жердегі бұлақ басында кеңес құрып, Үстірт пен Маңғыстауға бағыттап жүреді. Бұл бұлақ басында түрікпенадай Есек батырдың ауылы отырғандықтан Есекжал атанып кетеді. Кейін осы бұлақтың басында Биікжал аталған аса терең барлау-бұрғылау экспедициясы ұзақ жыл тұрып, ғылыми мәліметтер алу үшін, ССРО бойынша екінші болып 7000 метр тереңге бұрғы бойлатты. Одан 10 шақырымдай жерде Мұнайлы кенорны бар.

 Адай тайпасының әр руы Үстірт пен Маңғыстауда өздерінің бұрын барып иеленген бұлағына, құдығына белгі салады. Теңіз жағалауына жетіп бір тоқтайды. 
«Маңғыстауды Адайға атамекен еткен Атағозы батыр мен Қонай батырдың найзасының ұшы, Лабақ батырдың түнеріңкі сұсы, Қожамбет палуанның білегінің күші, Шотан батырдың шұбар атының ізі» -деген нақыл сөз бар. Бұлар халықты Маңғыстауға бастап келіп, ерліктерімен ел есінде қалған батырлардың бір тобы ғана.

 Адайлар қоныстанғаннан кейін Каспий жағалауындағы теңіз өндірісі дамыған өзге елдердің кәсіпкерлерінің Бозашы жағалауына, Өлі Қолтыққа сұғынып, еркінсіп келіп балық аулауларына, қарақшылықпен айналысуларына мүмкіндігінше қарсылық көрсетіп отырған. Жағалауға жақын келген кемелерге шабуылдап, жазатайым қолға түскен тұтқындарды, Хиуа, Қоңырат базарларына құлдыққа сатқан, оны Хиуа хандығы да қолдап отырған. 

Мәселен, 1836 жылы Құлалы аралындағы граф Кутайсовтың итбалық кәсіпшілігінен -120 орыс, Кафтанников деген көпестің кемесінен-3, өзгелерден -7, «Қазан» кемесінен 11орысты тұтқындап құл базарға әкеткен. Сол кезде Хиуада бір орыс құлдың құны 1500 реал (1реал 30 тиын күміс) болған. Г.С.Карелин Хиуадан бір тұтқынды сатып алу үшін 1500-3000 реал төлеу керек –деп жазады. «Құл қашса Қоңыраттан шығады» деген мақал бар. (Ә.Спан, М.Абылхан. «Ерменбет би», Астана, «Сарарқа» баспа үйі, 2003).   
(Жалғасы бар).
Айтуар ӨТЕГЕНОВ.

Где перевод текста? 

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

47 минут назад, Rust сказал:

Где перевод текста? 

Здравствуйте ув. Руст.  Это отрывок из Шежіре, вы мне обещали что если буду публиковать шежіре. Можно не переводить. Это было еще зимой.

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

1 час назад, Steppe Man сказал:

 

Я это видео уже посмотрел, по его версии Адайцы и Қаңлы являются предками всех Казахов. 

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

Для публикации сообщений создайте учётную запись или авторизуйтесь

Вы должны быть пользователем, чтобы оставить комментарий

Создать аккаунт

Зарегистрируйте новый аккаунт в нашем сообществе. Это очень просто!

Регистрация нового пользователя

Войти

Уже есть аккаунт? Войти в систему.

Войти


×
×
  • Создать...