tmadi Опубликовано 25 марта, 2008 Поделиться Опубликовано 25 марта, 2008 А как на самом деле случилось? Род или потомки Аблая рассеялись или это просто как народный фольклор - типа что хорошо и что плохо, т.е. имел виду что имеет всего лишь нравоучительный характер. До нас дошло как описание как минимум двух вещих снов Аблай-хана. Один из них, вместе с его истолкованием от Бухар-жырау, я попытался перевести на русский, заранее прошу прощения за стилистические ошибки. Итак, Аблай-хану при осаде Самарканда приснился сон, который он рассказал Бухар-жырау: Во сне я увидел что к моему шатру пришел тигр, и у шатра опустился на лапы и лег, положив голову. Я посмотрел в недоумении, а тигр уже превратился в медведя. В изумлении я подумал: «Ведь только что это был тигр, откуда взялся медведь?», смотрю – а он уже волк. После этого появилась лиса, которая затем обернулась то ли корсаком, то ли зайцем, то ли вообще не пойми чем. Вот как истолковал сон мудрый канцлер: Коли так, то опустившийся у твоего шатра на лапы тигр – это твое счастье (твоя судьба), тигр – это ты и есть. То что тигр упал на лапы и не поднимает голову показывает состояние твоей обессиленной и измученной страны. И дальше судьба твоя не будет лучше. Пока жив и здоров – возвращайся домой, чтобы народ не стал болтать о том, что доселе хранимый Аблай нашел свою смерть у сартов. Теперь о медведе: после тебя настанет время междоусобиц (борьбы по-медвежьи). Затем придет время волчьей грызни. Вслед за этим наступит время существования за счет лисьих ухищрений. И, наконец, заяц – будет когда-то время по-заячьи дрожать за свою шкуру. Этот сон Аблая рассказал мне отец когда мне было 12. После этого я спрашивал многих аксакалов об их мнении по поводу этого сна, разные люди из разных мест Казахстана и Китая были фактически единодушны - после тигра-Аблая пришли торе-султаны, по-медвежьи ломавшие друг другу хребты в борьбе за власть. Загнанный волк - это хан Кенесары, обложенный со всех сторон и от отчаяния грызущий любую глотку, оказавшуюся поблизости. Лисьи хитрости и увертки отлично описаны Абаем в главах "Слов назидания", посвященным выборной партийной борьбе, не дающей народу ничего кроме морального разложения. Ну а "время зайца" застали наши дедушки при Сталине и Мао. Что творится сейчас - Аллах знает. Есть еще один сон Аблая о временах когда щука залезет на дерево. В детстве я читал версию этого сна, записанную Сакеном Сейфуллиным, но точно пересказать уже не смогу, поэтому прошу всех, кто может выложить в эту тему текст или перевод этого сна, сделать это. Помню лишь, что этот сон о щуке на дереве тематически перекликается со сном Майкы-би, но звучит более страшно. Если кому-то интересно, выкладываю полный текст сна Аблай-хана о тигре-медведе-волке-зайце на казахском языке. Текст взят из книги "Бұқар жырау Қалқаманұлы, шығармалары", Алматы, 1992. Абылай ханның түсіОрыспен жауласпады, ел болды, шүршітпен жауласпады, ел болды, екеуіне де тіл болды. Өзіне өзі әбден келді, кемеліне толды. Енді Үргеніш, Бұхара, Қоқан, Тәшкент жағындағы қазақты сартқа билетіп қоймаймын деп, үш жүздің баласына жар шақыртып, қосын жинап аттанып, Түркістанға барып түсіп, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды отырғызады. Рүстем сұлтан, Сыдық сұлтан, Шеген сұлтан, Әубәкір сұлтан, Әбділдә сұлтан — бүл бесеуі сарт қызы қатынынан туған балалары. Шымкент, Сайрам барып, оған Әбдірахман деген сартты ие қылды. Тәшкент барып, оған Мырзахмет деген сартты ие қылды. Онан Жызақ үстіне барып, бір қоңыраттың байы қонақ қылып, сол түні оның бір келіні ер ұл тауып, ол баланың атын Абылай қойған. Ол Абылай да өсіп-өсіп бір тайпа ел болған (жер ауып жүрген бір Қайып деген ұрпағына сөйлестік). Онан аттанып барып, Самарқанды қамап түсті. Сол түні қасындағы қариясы Бұқар жырауға: — Бүгін сәуе көріп бер — депті. — Мен де қарап жатпан, хансың ғой, өзің де болжай жатқайсың! — депті. Ертең таң атқан соң қария ханына көрісуге келгенде: — Не көрдін? — депті. — Дәнеме көрмегенсіп маған не көрдің дегенше, өзің көргеніңді айт — депті. Сонда хан айтыпты: — Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның алдында шөгіп, мойнын салып, жатып алды. Бұ не қылғаны деп қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды. Жап-жаңа жолбарыс еді ғой, аю болғаны несі деп қарап едім, ит-құс болды. Одан кейін түлкі болды, онан кейін қарсақ па, қоян ба, әлде немене болды. Оянып кеттім, көргенім осы — депті. — Олай болса, шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс — өзіңнің бақ-талайың, сен өзің жолбарыс едін. Оның шөгіп, басын көтере алмай жатып алғаны — жетіп жығылған жеріңнің осы болғаны. Енді бақ-талайың көтермейді. Баяғыдан бері жүріп-жүріп есіл Абылай сарттан өліпті дегізбей осы жерден аман-есеніңде кайта ғой! Енді карасаң аю болғаны: өзіңнен соңғы заман аюша алысып өтетұғын заман болады. Онан ит-құс болғаны, ит-құсша шуласып өтетүғын заман болады. Онан түлкі болғаны: түлкіше бұлаңдап жүріп күнелтетін заман болады. Онан қоян болғаны: қоянша қорғалап жан сақтайтын заман болады. Мен көрген-білгенімді айтсам: күннің көзі, жердің жүзіндегі әулиелер "Абылай өледі, соның жаназасына Түркістанға бара жатырмыз" деп жындай жиылып, құмдай құйылып жүр. Қайтқаннан басқа жабдық жоқ — деді. Абылай хан Самарқанға елші жіберді: "Ұрысым, соғысым жоқ, әулиелерді зират қыла келдім. Басты-басты ақсақалдары қонаққа келсін" деп, коянның көзінен қорқып, жебедей жерге кіріп кететұғын сарт сорлы жаман қорқып түр екен... Қатын-қыздарын, тауық пен бөденелерін тауларға бостырып жіберген екен. Бірін бірі сыйласып, қонақ болысып, Абылай хан сонда бір көк қасқа айтып сойдырып, басына қойдыратын тас қаздырды дейді. Абылайдың бағына шыққан тасты Самарқан жұрты: "Бұл баяғы Әмір Темірден соң, ешкімге шықпаған тас" десіпті. Абылай хан батырларына рұқсат беріпті. Енді ұрыс-соғыс жоқ, "Ер иесі қос табар" деген, амандарыңда ел табыңдар деп. Өзі Тәшкентке келіп, Мырзахметтін қызын алып, үш ай жатып қалыпты. Үш айдан соң Аркаға қарай бет алып шығып, Арыс бойына келген жерде баяғы Шымкент, Сайрамға ие бол деп қолынан койып кеткен Әбдірахманы Тұрбат, Сұлтан Рабат, Қарабұлақ маңында жалпақ табан, жалаңаяқ сарттарды жинап алып, қосын қылып Арыстан өткізбеймін деп алдын тосып түр екен. Арыстың бойында, бір төбенің басында қосшы-қолаңшы, төлеңгіттерімен келген Абылай қалшиып тұрды да қалды. Сонда қасындағы қариясы Бүқарекең айтқан екен: Бірі етек, бірі жең болған, Ежелден саған ел болған, Орта жүзден кісің жоқ. Найзасының ұшы алтын Кіші жүзден кісін жоқ. Енді бұған қарап тұрғаннан Басқа қылар ісің жоқ! — депті. Хан сонда батырларын тарқатып жібергеніне пұшайман болып, бармағын шайнап тастапты, құса болып жарылып кетіпті. Сол жерде бір қорғанға түсіріп, сол күннен бүгінге шейін "Хан қорғаны" аталып қалды деседі. Абылай ажал жастығына басын қойғанда, Бұқарекен айткан екен: Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай! — дегенде, Абылай хан: — Тоқта, тоқта, бұлай десен, мен діннен шығамын, сен жалғаншы боласың. Жиырма жасымда таққа міндім, қырық сегіз жыл қазаққа хан болып тұрдым. Неше жыл өмір сүріп, жас жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бір. Ақбоз аттын құнын ер құнына тенегенім жоқ, екі. Мылтығының оғын құралайдың көзінен өткізетұғын мергеннің құнын екі ердің кұны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын кұнымен бір бәс қылып, жарты кұн дегізіп кесім кестіргенім жок, мұнымен үш. Осы үш арман бойымда кетті — деген екен. Ұлы жұма күні қайтыс болып, сүйегін теңге салып, Хазіреті Сұлтанға алып келіп, ақ күмбездің ішіне, бір бөлмесіне қойып, тасын үстіне орнатыпты. Абылай ханның өлгенін естігенде, жалаңаяқ әздер үш күн, үш түн жылаған екен. "Тақсыр, мұнша неге жылайсыз?" — дегенде: "Есіл Абылай баяғыдан бері жүріп-жүріп Сарыаркада өлмей, сарттың қорғанында өлді. Енді хандық сартта қалды, қазақтан бақ кетті, құт қашты — деген екен. Абылай ханның өлімі Аркаға естілді. Ордаға, қатын-қалаш, бала-шағаға естіртпеді. "Өлгеніне қуанып, сүйінші сұраған кісідей болармыз. Өліктің қырқы деген бір мал сойылатын күн ғой. Сол кыркында естір деп, қырқын бергізейік деп, бар қазақ ішінен... сұлтан деген кісілер, міне, бүгін табан қырық күн болды естігенімізге деп, ордасына естіртіп, қырқын бергізген екен. Артынан қолдарынан көмген, жанында бірге жүрген жолдастары келген соң, білісті, бұлар мұнда өлгеніне қырық күн болды деп, қырқын бергізген күні өлген екен. Сарыаркаға өлместен қырық күн бұрын естілген екен. Біздің естуімізше, Абылай тарихы осы. Ссылка на комментарий Поделиться на другие сайты Поделиться